Қазақстандық арбадағы теннисшілер ITF турнирінде жақсы өнер көрсетті

04.11.2024    Оқылғаны: 119
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:

Грекия астанасында арбадағы теннис бойынша Athens Open ITF турнирі аяқталды.

Қазақстандықтар Дінмұхамед Әлиақпаров (Астана) пен Дастан Ниязов (Ақтөбе) жартылай финалға дейін жетіп, тәжірибелі польшалық қарсыластарына есе жіберді.

Әйелдер арасындағы жекелей сында Айжан Бутимбаева (Қарағанды) бастапқы кезеңде әлемнің 144-ші ракеткасы румындық Кристина Деакты жеңіп, ширек финалға шықты, бірақ онда Латвияның 66-шы ракеткасы Диана Никифироваға жол берді. Тағы бір қазақстандық теннисші Жанат Үмітқұлова (Ақтөбе) да ширек финалға дейін жетіп, Англияның 24-ші ракеткасы Корнелия Отчузиннен жеңілді.

Ойыншылар бас демеуші — Forte Bank-ке алғыстарын білдірді.

Біздің спортшылар Грекияда қалады және ITF Ancient Messene Open турниріне қатысады.


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер