Амир Омарханов Кореядағы турнирдің чемпионы атанды

28.10.2024    Оқылғаны: 202
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:

Қазақстандық теннисшілер Ванджу (Оңтүстік Корея) қаласында жасөспірімдер арасында өткен ITF J300 турнирінде табысты өнер көрсетті.

Жұптық сында жарыстың бірінші ракеткалары, қазақстандық Амир Омарханов пен кореялық Хойонг Рох үздік шықты.

Қазақстандық-кореялық жұп финалда корт иелері Йенсу Джейонг - Джангжун Кимді айқын басымдылықпен ұтты - 6:2, 6:2.

Қыздар арасында Мәлика Әмірғалиева тайбэйлік Ю Чен Лимен бірге жұптық сында финалға дейін жетті. Олар соңғы, тартысты бәсекеде кореялықтар Йесунг Чо - Су Джонгқа есе жіберді - 6:1, 5:7, 8:10. 

Жекелей сында 16 жасқа дейінгілер арасында Азия рейтингісінде көш басында тұрған Заңғар Нұрланұлы жартылай финалда осы жарыстың бірінші ракеткасы, кореялық Хойонг Рохқа жол берді - 4:6, 1:6.


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер