Almaty Open неліктен теннис жарыстарының бәсекелестік ортасы аясында өзінің әлеуеті мен өсуіне сенеді
Болат Өтемұратов пен Юрий Польский жақында ғана Астанадан көшірілген ATP 250 турнирінің жылы қабылданып және ұсақ-түйек нәрсенің бәріне назар аударылып жатқанының арқасында оның жұрт назарын аударып үздік шығатынына үлкен үміт артады.
Биыл Қазақстан Теннис федерациясы (ҚТФ) ATP турнирінің бес жылдық мерейтойын атап өтуде. 2024 жылғы іс-шара айтарлықтай ерекшеленеді: ресми тұлғалар мақұлдағаннан кейін турнир Астанадан көшіріліп, Almaty Open деп аталды.
Теннис федерациясының мұз айдынымен танымал Almaty Arena сарайын әлемдік деңгейдегі кеңістікке айналдыру үшін небәрі 12 күні болды. Сәнді VIP-тамақтану аймақтарынан және демеушілерге арналған арнайы ұсыныстардан бастап отбасылық іс- шаралар мен кез келген бюджетке лайық билеттерге дейін тынымсыз жұмыс өз жемісін берді.
Арена ішінде теннис әуесқойлары үшін де, қарапайым көрермендер үшін де жылы әрі қонақжай атмосфера орнады — бұл орынды іс-шараны одан әрі дамудың алғашқы кезеңі деп санайтын ҚТФ Президенті Болат Өтемұратов пен ҚТФ вице-президенті Юрий Польский дәл осылай көреді. TENNIS.com порталы Федерацияның екі басшысының пайымын, бәсекеге қабілетті теннис кестесінде турнирдің алатын орнын және елдегі де, сондай-ақ халықаралық аренадағы да теннистің дамуы туралы көзқарастарын түсіну үшін олармен кездесті.
Астанада турнир сәтті өтсе де, оны Алматыға көшіруге не түрткі болды?
Өтемұратов: Алматы – теннистің астанасы. Сонымен қатар, бұл жанкүйерлерді тарту жағынан алғанда аса үлкен қала. Мұнда көптеген турнирлер өтеді және көптеген теннис орталықтары жұмыс істейді.
Турнир өткізу үшін қаланы ауыстырудағы ең қиын аспект не болды?
Польский: Астанада біз аренаға иелік еттік, сондықтан оны оңай басқарып, қажетінше жарақтандыра алдық. Алматыдағы Арена - түрлі концерттер, мәдени және спорттық іс-шаралар үшін пайдаланылатын көпфункционалды орын. Біздің бейімделуімізге, жаңа жабдықтар әкелуімізге, уақытша корттарды сатып алуымызға тура келді. Біз сондай-ақ жаттығу корттарына арналған теннис шатырын да сатып алдық. Бұл қызықты тәжірибе болды, бірақ қандай жағдай болмасын, біз Алматының әлеуеті зор екенін көріп отырмыз.
Көшудің тағы бір себебі клиенттің тәжірибесін жақсарту және жаңа деңгейге өту мүмкіндігі болды деп болжауға бола ма?
Польский: Турнирді дамыту үшін біз оны көрермендер мен жанкүйерлер үшін одан да тартымды етуіге тиіспіз. Біз балаларға арнап үлкен фестиваль ұйымдастырамыз, оған әр бала келіп, күні бойына керемет ойын-сауықты қызықтап, дәмді тағамдар алып, уақытын өткізе алады. Адамдар Мишлен жұлдызының иегері, бас аспаздың немесе жергілікті жеткізушілердің басқа да жоғары деңгейлі VIP орындарының тіл үйіретін тәтті-дәмділерінің дәмін татып, рахаттана алады. Біз сондай-ақ ойыншылардың барлық қажеттіліктерін -киім ауыстыратын бөлмелер мен жаттығу залдары, қосымша сергіту аймақтары, демалыс орындарының көбірек болуын ескеруге тырысамыз. Ойыншылар - біз үшін ең бастысы, өйткені оларсыз шоу болмайды. Біздің негізгі басымдығымыз — ойыншылардың, демеушілердің және көрермендердің тәжірибесі бізді ең жақсы серіктес ретінде көруі үшін жоғары деңгейге жету.
Болат, осы жылдар ішінде Қазақстанда теннисті дамыту үшін ойыншылармен қарым-қатынасты жолға қою сіз үшін қаншалықты маңызды болды?
Өтемұратов: Мен көптеген ойыншылармен бұрыннан бері жақсы араласамын. Рафа - көп жылдардан бергі сүйікті досым. Сондай-ақ, Новакпен де доспын. Екеуі де осында екі реттен келіп, Қазақстан туралы ақпаратты ойыншылар арасында таратуға көмектесті. Жас кезімнен бастап ойыншылармен танысып, біздің жасөспірімдер турнирлеріне, челленджерлерге ойнауға келген кезде мен олармен жұмыс істедім. Сондықтан ATP турниріне келгенде, ойыншылар бізді біледі және бізге сенеді. Біз ойыншыларға бұл жерге келуден тек ләззат алып қана қоймай, қайта-қайта оралғысы келетіндей тамаша жағдай жасауға тырысамыз. Біз турдағы ең ірі турнирлердің тәжірибесінен көп нәрсе алдық.
ATP 250 турнирін өткізуге лицензия иесі ретінде сіз ATP күнтізбесі қабылдаған Мasters 1000 сериясы турнирлерінің барынша ұзағырақ болатын және турнирлер санын азайту бағыты туралы не ойлайсыз?
Өтемұратов: Мен бұл өзгерістерді ATP күнтізбені жақсартуға және ойыншылардың жүктемесін азайтуға ұмтылу әрекеті ретінде көремін. Біз ойыншылардың жиі жарақат алатынын көреміз, өйткені теннисшілер бәрімен түгел ойнап шығады. Теннис - өте қарқынды спорт түрі. Сіз жоғары деңгейді ұстап тұруға және физикалық жүктемені алып жүруге тиіссіз. Андреа Гауденци мен ATP кеңесі өзгерістерді талқылауға уақыт бөледі, мен оның қисынды екенін түсінемін.
Юрий?
Польский: Турнир күнтізбесінен басқа, ойыншылардың қол жетімділігіне әсер ететін көрме матчтары да бар. Сондықтан біз үшін бұл жерде ойыншыларға ыңғайлы болуы және олардың бұл турнир екенін, бұл жерде оларға қамқорлық жасалатынын білгені маңызды.
Сіз бұрын АТР 500 деңгейіндегі турнирлерді қалайтыныңыз туралы айтқан едіңіз. Келесі жылдан бастап кейбір турнирлердің мәртебесі көтеріледі. Сіздің ойыңызша, бұл үшін Алматы әлі де қаншалықты қолайлы?
Өтемұратов: Иә, біз бұған дейін мұндай әрекеттерді жасаған едік, бірақ олар үшін жылдың бірінші жартысы ыңғайлырақ болды. Біз бұл бағытта жұмысты жалғастырамыз және мақсатқа жетудің екі нұсқасын қарастырамыз. Біріншісі - 250 деңгейдегі екі турнирді біріктіру. Біз бұл АТР нұсқасын бұрын ұсындық және ол болашаққа қатысты да есте болады. Сонымен қатар, біз сатып алу үшін турнир табуға тырысамыз. Бірақ бұл нарықтағы ұсыныс шектеулі.
Астанада турнирлерді ұйымдастыруда жинақтаған төрт жылдық тәжірибеңіздің Алматыда турнирді тезірек бастауға көмектескен қандай да бір сабақтары болды ма?
Польский: Басты сабақ - біз сервистік компаниямыз, біз қызметті ұсынамыз. Біз ойыншыларға, жанкүйерлерге, демеушілерге, жаттықтырушыларға – бір сөзбен айтқанда, іс-шараның барлық қатысушыларына қызмет көрсетуге тиіспіз. Сондықтан турнирді ұйымдастырған кезде біз тек техникалық мәселелермен ғана айналыспаймыз, әр адам өзінің үлкен оқиғаның бір бөлігі екенін түсінгенін қалаймыз. Әрбір деталь біз үшін маңызды. Біз үшін демеушілердің баннерлерде ғана тұруы емес, олардың неғұрлым белсенді болуының маңызы өте зор. Адамдар үшін іс-шараларды өткізу арқылы олар өз клиенттеріне тікелей қол жеткізе алады, яғни бұл барлығына тиімді.
Тек ҚТФ-ның Президенті ғана емес, сонымен қатар ХТФ вице-президенті болып табылатын адам ретінде сіздің ойыңызша кәсіби теннистегі қай сала көбірек алаңдаушылық тудырады?
Өтемұратов: Менің ең көңілімнің қалған жері — соңғы жылдардағы Дэвис Кубогына қатысты оқиға. Бастапқыда Kosmos компаниясы жақсы ұсыныстар айтты, ұсыныстар көп болды. Бірақ ақырында олар уәде еткен нәрселерін орындай алмай, Дэвис кубогына зиян келтірді. Енді біздің іс-шараның деңгейін қалпына келтіріп, оны ойыншылар жіберіп алғысы келмейтін қызықты турнирге айналдыруымыз керек.
Сіздің ойыңызша, қазақстандық теннис жанкүйерлер білетін ойыншылардың танымал есімдерінен басқа қазір қайда?
Польский: Біз қателіктерімізден сабақ аламыз және одан да гөрі жақсырақ болуға тырысамыз. Сондықтан біздің Еуропада, Азияда, әр түрлі жас санаттарында өнер көрсететін бірнеше жақсы ойыншыларымыз бар. Әмір Омарханов 16 жасынан бері ATP турнирлерінде ойнайды. Заңғар Нұрланұлы өсіп келеді. Біз олардың арасында өте мықты бәсекелестік бар екенін көреміз. Мұның бәрі ерлер мен әйелдер командаларында кем дегенде 4-5 жақсы ойыншының болуына және біздің мықты команданы сақтап қалуымызға мүмкіндік береді. Біз Дэвис кубогы мен Билли Джин Кинг кубогының әлемдік тобында қалғымыз келеді. Қазақстандық балалар өзімен қатар өмір сүріп жатқан адамның табысқа жетіп жатқанын көріп, бәрінің де мүмкін екеніне сене бастайды.
Табысты көптеген параметрлер бойынша анықтауға болады. Almaty Open сіз үшін табысты іс-шара болуы үшін не қажет?
Өтемұратов: Мен үшін теннис — әлеуметтік жоба, мен одан ақша таппаймын, пайда көрмеймін. Ең бастысы-турнирдің атмосферасын ерекше болуы үшін трибунаның толық болуы.
Польский: Менің ойымша, біз жақсы іс-шара өткізу үшін қолдан келгеннің бәрін жасадық. Енді бізге залдардың көрермендерге толуы қажет, сайып келгенде, біз осы турнирді сол көрермендер үшін өткіземіз. Бұл - біздің басты міндетіміз.
И, наконец: Соңғы сұрақ: Болат, Сіз Рафаның ойынын соңғы рет көру үшін Испанияға барасыз ба?
Өтемұратов: Мне очень хочется туда поехать. Мероприятие вызвало такой большой ажиотаж кругом. Уже много людей обратилось ко мне с просьбой помочь с билетами. (смех) Менің онда барғым келеді. Іс-шара айналада осындай үлкен дүрбелең тудырды. Қазірдің өзінде көптеген адамдар маған билет жағынан көмектес деп жүгінуде. (күледі)
Дереккөз: Tennis.com

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.
30.11.2024
ҚТФ баспасөз қызметі
25.11.2024
ҚТФ баспасөз қызметі
21.11.2024
ҚТФ баспасөз қызметі
18.11.2024
ҚТФ баспасөз қызметі