Теннистен Оңтүстік Кореямен ойнайтын Қазақстан әйелдер құрамасы анықталды

23.10.2024    Оқылғаны: 280
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:

Теннистен әйелдер арасындағы Қазақстан  командасының капитаны Юрий Щукин Билли Джин Кинг кубогының Оңтүстік Кореяға қарсы бірінші матчына қатысатын команда құрамын жария етті. 

Кездесу елордалық Beeline Arena теннис орталығында 16-17 қараша күндері өтеді. 

«Қазіргі таңда біздің спортшылар Кореяға қарсы ойнауға дайындалып жатыр. Ұлттық құрамадағы спортшылар қатарында Елена Рыбакина, Зарина Дияс, Юлия Путинцева, Анна Данилина, Жібек Құламбаева бар.

Біздің құраманың көшбасшысы осы ойын маусымының соңына дейін WTA қорытынды турнирінде ойнауды жоспарлап отыр. Оған ол жыл басында көрсеткен үздік нәтижелері есебінен шақырылып отыр. Қазіргі таңда Елена өзін жақсы сезінеді және егер Эр-Риядта жақсы нәтиже көрсете алса, Корея командасына қарсы ойында бақ сынауға толықтай дайын.

Зарина Диястың дайындығы жақсы және ол өткен аптада Түркиядағы турнирде жеңімпаз атанды. Бұл оған Юлия Путинцевамен қатар үміт артуға болатынын көрсетеді және оның қайта оралғанына қуаныштымыз.

Жұптық сында Анна Данилина Қытайдағы турнирді жеңіп, қазір Астанада жұптық комбинацияда өнер көрсетуге сақадай сай. Жібек Құламбаева осы айда өзі үшін жұптық рейтингте ең жоғары орыннан көрінді және құрама атынан сайысқа түсуде тәжірибесі бар», - деді Щукин.


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер