Алматыда АТР 250 турнирінің іріктеу сайыстары басталады

13.10.2024    Оқылғаны: 363
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Бүгін Алматыда Almaty Open АТР 250 турнирінің іріктеу сайыстары өтеді.

Матчтар сағат 10.00-де Almaty Arena корттарында басталады.

Жарысқа арнайы шақырту алған 16 жастағы Амир Омарханов орталық кортқа екінші болып шығады. 

Амир бастапқы кездесуін дүниежүзілік рейтингіде кезінде 21-орынға дейін көтерілген, жекелей сында ATP турнирлерінің екі дүркін чемпионы, 2015 жылы Ұлыбритания құрамасы сапында Дэвис кубогын жеңіп алған Дэниел Эванспен өткізеді.

Қазақстандық тәжірибелі теннисші Михаил Кукушкин іріктеу сайыстарының алғашқы айналымында өзбекстандық Хумаюн Сұлтановты сынап көреді. Ал Денис Евсеев ливандық Бенжамин Хассанмен шеберлік байқасады.

Қазақстан аумағында ойындардан Қазақстан теннис федерациясының сайтында (ktf.kz), сондай-ақ Qazsport және Insport спорттық телеарналарында тікелей көрсетілімдер жоспарланған.

Бас серіктестер
Beeline Janymda. Қазақстанда ең кең таралған мобильді интернет.
ForteBank. Күш бойыңда!
Freedom Экожүйесі: Бір бренд - мыңдаған мүмкіндіктер.
Қазақстанның «RG Gold» алтын өндіру компаниясы
Автомобиль серіктесі
Lexus Kazakhstan - Қазақстандағы премиум сегменттің көшбасшысы
Ресми серіктестер
TSPG - Тәжірибеге сүйеніп, уақыттан озып!
Eurasian Machinery - Shell майлау материалдарының макро дистрибьюторы.
Серіктестер
MYD Production – Қазақстанның әуежайлары мен вокзалдарында эксклюзивті жарнама операторы.
Galamat құрылыс компаниясы. Сіздің ғаламат болашағыңызды құрамыз.
Qazaq Oil - еліміздегі ең ірі жанармай ретейлері
Citix — SmartCity және AdTech салаларындағы жаңашыл компания
 
 

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер