Анна Данилина Таиланд турнирінде жеңімпаз атанды

23.09.2024    Оқылғаны: 607
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:

Қазақстан теннисшісі Анна Данилина Таиландта аяқталған WTA 250 турнирінде топ жарды. Жұптық сында өнер көрсеткен отандасымыз ресейлік Ирина Хромачевамен бірігіп, ақтық сында жеңіске жетті.

Олар финалда жапониялық Моюка Утидзима мен гонкогтық Юдис Чон Чхонға қарсы кортқа шықты. Кездесу барысында қазақстандық теннисшінің жұбы қарсыластарынан 2:0 есебімен басым түсті. Алғашқы сет 6:4 есебімен аяқталса, екінші кезеңде 7:5 нәтижесі тіркелді.

Айта кететін жайт, Анна Данилина WTA-ның жұптық санаттағы турнирлерінде осымен 11 рет топ жарып отыр.


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер