
Анна Данилина Будапешт додасының жартылай финалына өтті
Анна Данилина Будапешт (Мажарстан) WTA 250 турнирінің жартылай финалына өтті.
Жарыстың 2-ракеткалары болып тіркелген Данилина мен ресейлік Ирина Хромачева ширек финалда германиялық Лена Пападакис – америкалық Джесси Энеймен шеберлік байқасты.
Бірінші партияда қазақстандық-ресейлік жұп 6:2 есебімен басымдылық танытты. Олар екінші сетте де сол қарқынынан танған жоқ – 6:4.
Данилина – Хромачеваның жартылай финалдағы қарсыластары кейін белгілі болады.
Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.


























