Уимблдон: Елена Рыбакина финалдан тыс қалды

12.07.2024    Оқылғаны: 521
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:

Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің финалына шыға алмады.

Қазақстандық теннисші жартылай финалда әлемнің 32-ракеткасы, чехиялық Барбора Крейчиковамен бетпе-бет келді. 

Елена матчты тамаша бастады – 4:0. Крейчикова қайыра брейк жасағанымен, есепті 5:1-ге жеткізді. Ақыры сәл кідіргенімен, сетті алды – 6:3.

Екінші партияда есесіне Барбора 5:2 есебімен алға кетті. Ақыры алтыншы сетболын пайдаланды – 6:3.

Үшінші, шешуші сетте есеп 3:3 болған мезетте Крейчикова брейк жасап кетті – 4:3. Ақыры матчқа доп бергенде, мүмкіндігін жіберген жоқ – 6:4.


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер