Уимблдон: Елена Рыбакина үшінші айналымға өтті

05.07.2024    Оқылғаны: 656
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің үшінші айналымына өтті. Қазақстандық теннисші екінші айналымда дүниежүзілік рейтингіде 72-орында тұрған германиялық Лаура Зигемундпен бетпе-бет келді. Қарсыластар осыған дейін бес рет кездесіп, соның төртеуінде Рыбакина жеңген еді. Бұл жолы бірінші партияда Елена 3:1 есебімен алға шыққанымен, Зигемунд таразы басын теңестірді. Дегенмен қазақстандық спортшы қатарынан үш геймді алды — 6:3. Екінші сетті германиялық спортшы брейкпен бастағанымен, Рыбакина есепті теңестірді — 2:2. Алайда сет Зигемундтің еншісінде кетті — 6:3. Үшінші, шешуші сетте Рыбакина ақыры дегеніне жетті — 6:3. әлем рейтингіде кезінде көш бастаған, қазір 91-орындағы даниялық Каролина Возницкимен жолығады.

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер