Уимблдон: Путинцева олимпиада чемпионын ұтып, үшінші айналымға шықты
Юлия Путинцева Уимблдон турнирінің үшінші айналымына шықты.
Қазақстандық теннисші екінші кездесуін дүниежүзілік рейтингіде өзінен бір саты төмен тұрған чехиялық Катержина Синяковамен өткізді. Синякова – жұптық сында әлемдік рейтингіде көш бастап, Токио олимпиадасының чемпионы атанған спортшы. Бірінші партияда Путинцева қарсыласына еш мүмкіндік берген жоқ – 6:0. Екіншісінде есеп 4:4 болған мезетте Синякова брейк жасап кетті – 6:4. Үшінші, шешуші сетте Юлия 3:0 есебімен алға кетті. Содан кейін матчты тағы бір брейкпен түйіндеді – 6:2. Юлия Путинцева төртінші айналымға шығу үшін әлемнің 1-ракеткасы, Польша өкілі Ига Швентекпен ойнайды.

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.
16.06.2025
ҚТФ баспасөз қызметі
08.06.2025
ҚТФ баспасөз қызметі
05.06.2025
ҚТФ баспасөз қызметі