
Елена Рыбакина Уимблдон турнирін жеңіспен бастады
Елена Рыбакина Уимблдон турнирін жеңіспен бастады.
Бұдан екі жыл бұрын осы «Үлкен дулыға» жарысында чемпион атанған қазақстандық теннисші алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингіде 152-орында тұрған румыниялық Елена Габриэла Русемен шеберлік байқасты.
Осыған дейін қарсыластар екі жыл бұрын Майамиде кездесіп, онда Рыбакина 6:4, 7:5 есебімен жеңіске жеткен еді.
Бұл жолы Русе 2:0 есебімен алға шыққанымен, Елена таразы басын теңестіріп қана қоймай, сетті өз еншісіне жазды — 6:3.
Екінші партияны Рыбакина брейкпен бастап, еш мүмкіндік берген жоқ — 6:1.
Елена Рыбакина үшінші айналымға шығу үшін әлемнің 72-ракеткасы, германиялық Лаура Зигемундпен кездеседі.
Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.


























