Қазақстандық төрт теннисші Уимблдон турнирі іріктеу кезеңін сәтті бастады

25.06.2024    Оқылғаны: 389
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Қазақстандық төрт теннисші Уимблдон турнирі іріктеу кезеңінің екінші айналымына өтті.
 

Іріктеу додасында 27-ракетка болып тіркелген Михаил Кукушкин бастапқы кездесуін дүниежүзілік рейтингіде 278-орында тұрған украиналық Виталий Сачкомен өткізді. Екі сетте де 6:3 есебі тіркеліп, 1 сағат 15 минутқа созылған матчта Кукушкин жеңіске жетті. Михаил іріктеу жарысының жартылай финалында әлемнің 152-ракеткасы, франциялық Бенджамин Бонзимен кездеседі.
 

Әлемнің 163-ракеткасы Денис Евсеев рейтингіде өзінен 8 саты төмен тұрған франциялық Маттео Мартиноны қапы қалдырды.

Екі сағат 20 минутқа созылған кездесуде Евсеев камбэк жасай алды – 6:7 (4:7), 6:2, 7:6 (10:7). 

Рейтингіде 208-орында тұрған Бейбіт Жукаев ерледі деуге болады. Ол әлемнің 154-ракеткасы, аустралиялық Юрий Родионовты жарыс жолынан тайдырды – 7:6 (7:5), 7:6 (9:7). 

Тағы бір қазақстандық, рейтингіде 229-сатыдағы Тимофей Скатов әлемнің 158-ракеткасы, италиялық Андреа Пеллегриноны екі сетте жеңді – 6:3, 6:3. 

Осылайша, іріктеу сайыстарының жартылай финалында Евсеев әлемнің 133-ракеткасы, франциялық Титуан Дрогетпен, Скатов рейтингіде 129-сатыдағы словакиялық Лукаш Клейнмен сынға түседі. Жукаевтың қарсыласы кейін анықталады. 


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер