Александр Бублик Германиядағы жарыстың екінші айналымына шықты

19.06.2024    Оқылғаны: 209
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:

Александр Бублик Галле (Германия) ATP  500 турнирін сәтті бастады.

Жарыстың 7-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші бастапқы кездесуін дүниежүзілік рейтингіде 101-рейтингіде тұрған аустралиялық Макс Перселмен өткізді.

Бірінші партияда тай-брейкте Бублик сәтті ойнады - 7:6 (7:1). Екіншісінде де есесін жібермеді - 6:4. Бублик ширек финалға өту үшін әлемнің 44-ракеткасы, америкалық Кристофер Юбэнкспен кездеседі.


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер