
Григорий Ломакин Тунистегі жарыста жеңімпаз болды
Григорий Ломакин жұптық сында Монастир (Тунис) ITF турнирінің чемпионы атанды.
Қазақстандық теннисші ресейлік Егор Агафоновпен бірге финалда жарыстың 1-ракеткалары, бразилиялық Пауло Андре Дос Сантос - оңтүстікафрикалық Крис Ван Викпен чемпиондық атақты сарапқа салды.
Қазақстандық-ресейлік жұп 6:3, 6:3 есебімен жеңіске жетті.
Бұған дейін Ломакин Пауло Андре Дос Сантоспен бірге Монастирде дәл осындай додада үздік шыққан еді.
Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.
16.06.2025
ҚТФ баспасөз қызметі
08.06.2025
ҚТФ баспасөз қызметі
05.06.2025
ҚТФ баспасөз қызметі