
Ролан Гарростағы сенсация: Амир Омарханов жарыстың 3-ракеткасын ұтып, жартылай финалға өтті
Амир Омарханов жұптық сында жасөспірімдер арасында Ролан Гаррос турнирінің жартылай финалына өтті.
Қазақстандық теннисші ресейлік Тимофей Дерепаскомен бірге ширек финалда осы жарыстың 3-ракеткалары, франциялық Томас Форел - румыниялық Лука Предамен сынға түсті.
Бірінші партияда қазақстандық-ресейлік жұп 6:4 есебімен басым түссе, екіншісінде франциялық-румыниялық дуэт қарымта қайырды - 6:4. Дегенмен супер тай-брейкте Әмір мен Тимофей жеңісті жұлып алды - 12:10.
Амир мен Тимофейдің жартылай финалдағы қарсыластары кейін анықталады.
Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

























