
Ролан Гаррос: Елена Рыбакина жартылай финалға шыға алмады
Елена Рыбакина Ролан Гаррос турнирінің жартылай финалына шыға алмады.
Қазақстандық теннисші ширек финалда әлемнің 15-ракеткасы, италиялық Ясмине Паолинимен бетпе-бет келді.
Филипп Шатрье кортында италиялық теннисші матчты брейкпен бастады – 2:0. Содан кейін тағы бір брейкке қол жеткізді – 6:2.
Паолини екінші сетте де брейкпен алға кетті – 2:1. Бұдан кейін Рыбакина таразы басын теңестіріп қана қоймай, партияны алды - 6:4.
Үшінші, шешуші сетте жеңіс Паолинидің қанжығасында кетті - 6:4.
Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.
12.01.2026
ҚТФ баспасөз қызметі
08.01.2026
ҚТФ баспасөз қызметі

























