
Елена Рыбакина Ролан Гаррос турнирін жеңіспен бастады
Елена Рыбакина Ролан Гаррос турнирін жеңіспен бастады.
Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингіде 85-орында тұрған бельгиялық Гретье Минненмен шеберлік байқасты.
Осыған дейін қарсыластар өзара екі рет кездесіп, Рыбакина жеңген еді. Бұл жолы Елена 6:2, 6:3 есебімен жеңіске жетті.
Елена Рыбакина үшінші айналымға шығу үшін әлемнің 50-ракеткасы, нидерландтық Аранча Руспен ойнайды
Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.


























