Анна Данилина Италиядағы жарыстың финалына жолдама алды

17.05.2024    Оқылғаны: 171
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:

Анна Данилина Парма (Италия) челленджер турнирінің финалына шықты.

Жарыстың 1-ракеткасы болып тіркелген Данилина мен ресейлік Ирина Хромачёва жартылай финалда чехиялықтар Мириам Колодзиэёва – Анна Шишковамен шеберлік байқасты.

Қазақстандық-ресейлік жұп небәрі 19 минутқа созылған бірінші партияда бет қаратпады – 6:1. Осыдан кейін чехиялық дуэт бәсекені жалғастырудан бас тартты.

Анна Данилина – Ирина Хромачёваның жартылай финалдағы қарсыластары кейін анықталады.


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер