
Денис Евсеев Португалияда Бейбіт Жукаевты жеңіп, жартылай финалға өтті
Денис Евсеев Оэйраш (Португалия) челленджер турнирінің жартылай финалына жолдама алды.
Евсеев ширек финалда отандасы, әлемнің 174-ракеткасы Бейбіт Жукаевпен жолы түйісті. Бірінші партияда Денис 6:4 есебімен басым түссе, екіншісінде Бейбіт есе қайырды – 6:2.
Шешуші, үшінші сетте Евсеев сәтті ойнады – 6:3.
Денис Евсеев финалға шығу үшін әлемнің 200-ракеткасы, швециялық Элиас Имермен кездеседі.
Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.



























