Зарина Дияс Жапониядағы жарысты жеңіспен бастады

15.05.2024    Оқылғаны: 626
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:

Зарина Дияс Куруме (Жапония) ITF W75 турнирін жеңіспен бастады. 

Отандасымыз жарақатына байланысты екі жылдық үзілістен кейін кортқа биыл ғана оралған еді. Курумиде алғашқы айналымда Зарина әлемнің 410-ракеткасы, 24 жастағы Сакура Хосогимен сынға түсті. 

Бірінші партияда қазақстандық спортшы 6:4 есебімен қорытындыласа, екіншісінде Хосоги қарымта қайырды – 6:3. 

Үшінші, шешуші сетте Зарина 5:2 есебімен алға шығып, матчқа екі рет доп бергенде, жеті матчболын пайдалана алмады. Дегенмен тай-брейкте жеңісті жұлып алды – 7:6 (7:2). Текетіреспен өткен матч 2 сағат 25 минутқа созылды. 

Зарина Дияс ширек финалға шығу үшін әлемнің 214-ракеткасы, Таиланд өкілі, 21 жастағы Мананчэйа Савангкаевпен кездеседі.


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер