
Елена Рыбакина WTA чемпиондық кестесінде үздіктер қатарында келеді
Елена Рыбакина WTA чемпиондық кестесінде екінші орында келеді.
Қазақстандық теннисшінің 3 583 ұпайы бар.
Әлемнің 1-ракеткасы, Польша өкілі Ига Швентек 4 335 ұпаймен көш басында тұр. Әлемнің 2-ракеткасы, беларусьтық Арина Соболенко (3 278 ұпай) үшінші орында.
Осы аптада Елена Мадрид WTA 1000 турнирінің жартылай финалына дейін жетіп, онда А.Соболенкоға жол берген еді.
Рыбакина әлемде әйелдер арасында эйс жасаудан көш бастап келеді. Жыл басынан бері 35 ресми матчта Елена эйс санын 229-ға жеткізді.
Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.


























