Рыбакина Мадридте Путинцеваны жеңіп, алғаш рет жартылай финалға шықты

02.05.2024    Оқылғаны: 706
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:

Елена Рыбакина алғаш рет Мадрид (Испания) WTA 1000 турнирінің жартылай финалына жолдама алды.

Рыбакина ширек финалда отандасы, әлемнің 50-ракеткасы Юлия Путинцевамен жолықты.
Осыған дейін өзара екі кездесуде Путинцева басым түскен еді.

Бұл жолы бірінші партияда есеп 2:2 болған сәтте Юлия брейк жасап, сол қарқынынан танған жоқ – 6:4.

Екінші сетте есеп 1:1 болғанда, Путинцева тағы да брейкке қол жеткізді. Бірақ Рыбакина сол бойда таразы басын теңестірді – 2:2. Сосын тай-брейкте есесін жібермеді – 7:6 (7:4).

Үшінші, шешуші партияда Юлия 5:2 есебімен алға кетті. Содан кейін Елена доп бергенде, екі матчболын пайдалана алмады. Есесіне Рыбакина қатарынан бес геймді өз есебіне жазды – 7:5.

Елена Рыбакина финалға шығу үшін әлемнің 2-ракеткасы, осы жарыстың өткен жылғы чемпионы, Беларусь өкілі Арина Соболенкомен кездеседі.


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер