
Теннистен ӘЧ: Шымкентте жасөспірімдер арасында іріктеу турнирі өтеді
Шымкентте екінші жыл қатарынан 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында Дэвис кубогі мен Билли Джин Кинг кубогінің Азия - Тынық мұхит аймағы бойынша іріктеу турнирі өтеді.
13-25 мамырда болатын додада Қазақстаннан басқа Аустралия, Жапония, Оңтүстік Корея, Қытай, Үндістан, Тайбэй, Гонконг, Иран, Индонезия, Жаңа Зеландия, Өзбекстан, Иордания, Малайзия, Таиланд, Вьетнам және Шри-Ланка құрамалары бақ сынайды.
Қазақстан құрамасы сапында мына ойыншылар қатысады.
Бозбалалар:
1.Заңғар Нұрланұлы (Түркістан),
2.Дамир Жалғасбай (Алматы),
3.Даниэль Тазабеков (Шымкент).
Капитаны: Сергей Квак.
Қыздар:
1.Ариана Гогулина (Астана),
2.Альбина Кәкенова (Астана),
3.Ева Корышева
(Ақтөбе),
4.Сәтима Төреген, қосымша ойыншы (Алматы).
Капитаны: Ярослава Шведова.
Өткен жылы 16 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамалары өз тарихында алғаш рет командалық әлем чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алған еді.
Әр іріктеу сайысына 16 команда қатысады. Әр топтан екі құрама плей-офф кезеңіне шығып, жолдамаларды сарапқа салады. Биыл Азия - Тынық мұхит аймағы бойынша жартылай финалға шыққан командалар әлем чемпионатына жолдама алады.
Турнирдің бас демеушісі - Қазақстанның «RG Gold» алтын өндіру компаниясы
Турнир серіктесі - «Marai» ауыз суы
Қазақстан жасөспірімдер құрамаларының демеушілері - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» акционерлік қоғамы және Sport Qory спортты қолдау қоры
Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.