Айша Сайран Азия теннис рейтингінде 16 жасқа дейінгілер арасында көш бастады

18.04.2024    Оқылғаны: 372
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Қазақстандық Айша Сайран 16 жасқа дейінгілер арасында Азия теннис федерациясының рейтингінде көш бастады.

Жаңартылған рейтингіде Айша Сайран 1 574 ұпаймен бірінші орынға көтерілді. Тағы бір қазақстандық Аделина Маманфина 1 497 ұпаймен екінші сатыда тұр. 

Сондай-ақ 14 жасқа дейінгілер арасында Tennis Europe рейтингісінде Родион Трайгель 27-орынға шықты.

Родион Малайзияда өткен Азия чемпионатында жартылай финалға дейін жеткен еді. Роберт Каминский – 42, Аңсар Ниетқалиев 69-сатыда келеді. Ахмади Мақанов бірден 74 сатыға жоғарылады, қазір ол 111-інші, Диас Төлепбергенов 116-орында (+44). Қыздар арасында Руслана Русланова 80-сатыда. 

Жасөспірімдер арасында ITF рейтингісінде ТОП-100-де төрт бірдей қазақстандық теннисші бар. Әмір Омарханов – 13, Даниал Рахматуллаев – 68, Соня Жиенбаева – 30, Асылжан Арыстанбекова 41-орында келеді.

Оның бәрі де жасөспірімдер арасында Ролан Гаррос турниріне қатысудан үмітті.

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер