
Токиода Данилина мен Құламбаева әлемдегі мықты жұптардың бірін ұтты
Токио қаласында Билли Джин Кинг кубогінің Қазақстан мен Жапония арасындағы іріктеу матчы мәресіне жетті.
Кортта жұптық сында Анна Данилина - Жібек Құламбаева әлемнің 20-ракеткалары Сюко Аояма - Эна Сибахарамен сынға түсті.
Бірінші партияда қазақстандық жұп тай-брейкте басымдылық танытты - 7:6 (9:7). Екіншісінде жапониялықтар есе қайырды - 6:3.
Супер тай-брейкте Құламбаева - Данилина жеңіст жұлып алды - 11:9.
Осылайша, қорытынды есеп - 3:1, Жапония құрамасы финалдық кезеңге жолдама алды. Қазақстан командасы қараша айында Билли Джин Кинг кубогінің плей-офф кезеңінде бақ сынайды.
Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.
11.02.2025
ҚТФ баспасөз қызметі