Теннистен Билли Джин Кинг кубогі: Жапония 2:0 есебімен алға шықты

12.04.2024    Оқылғаны: 651
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:

Токио қаласында Билли Джин Кинг кубогінің іріктеу матчында Жапония 2:0 есебімен алға шықты.

Бүгін екінші болып «Үлкен дулыға» турнирінің төрт мәрте чемпионы Наоми Осака мен Қазақстанның екінші, әлемнің 50-ракеткасы Юлия Путинцева шеберлік байқасты.

Қарсыластар осыған дейін төрт рет кездесіп, соның үшеуінде қазақстандық теннисші жеңген еді. Сәбилі болуына байланысты үзілістен кейін кортқа қайта оралған Осака қазіргі кезде әлемдік рейтингіде 193-орында тұр.

Бұл жолы бірінші партияда Осака екі брейкке қол жеткізді – 6:2.
Екінші сетте жапониялық теннисші тай-брейкте матчболын құр жіберген жоқ – 7:6 (7:5).

Бірінші ойында Анна Данилина Нао Хибиноға 1:6, 0:6 есебімен жол берді.

Енді ертеңге үш кездесу жоспарланған.


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер