Қазақстан – Жапония текетіресінде Зарина Диястың неге ойнамайтыны белгілі болды
Қазақстан теннис федерациясының вице-президенті Диас Досқараев Токиода 12-13 сәуірде өтетін Билли Джин Кинг кубогының Жапониямен іріктеу матчында Зарина Диястың алғашқы күні неге ойнамайтынын түсіндірді.
Диас Досқараевтың айтуынша, Зарина жарақатына байланысты екі жыл жарыстан тыс қалғандықтан, әлі толық қалпына келе қойған жоқ.
«Соған қарамастан, Зарина Токиоға 10 күн бұрын келіп, тынбай жаттығып жатыр. Ол үшін ел намысын қорғау қашанда абырой. Команда капитаны бәсекеден кемінде бір сағат бұрын ойыншыны алмастыра алады. Сондықтан әлі де көреміз», - деді Досқараев.
Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.
21.01.2025
ҚТФ баспасөз қызметі
20.01.2025
ҚТФ баспасөз қызметі
14.01.2025
ҚТФ баспасөз қызметі
14.01.2025
ҚТФ баспасөз қызметі