Дмитрий Попко АҚШ-тағы турнирде жарыстың бірінші ракеткасын ұтты

09.04.2024    Оқылғаны: 955
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Дмитрий Попко Сарасоте (АҚШ) челленджер турнирінің екінші айналымына өтті.

Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда сенсация жасап, әлемнің – 102, осы жарыстың 1-ракеткасы Джеффри Джон Волфты қапы қалдырды.

Бірінші партияда Попко тай-брейкте қарсыласынан айласын асырды – 7:6 (7:5). Ал екінші сетте бет қаратқан жоқ – 6:1.

Дмитрий Попко ширек финалға шығу үшін америкалық тәжірибелі теннисші, рейтингіде 284-орындағы Теннис Сандгренмен кездеседі.


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.



Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер