
Азаренкомен өтетін жартылай финалдық матчқа дейін қалыпқа келуім керек – Елена Рыбакина
WTA-ның баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, Елена Рыбакина ширек финалда әлемнің 9-ракеткасы, грекиялық Мария Саккаримен өткен ауыр матчтан кейін қалыпқа келудің қиынға түсетінін айтты.
«Азаренкомен ойын жеңіл болады деп ойламаймын, өйткені әр матч сайын өз бабыма оралуға жақындай түскеніммен, қалыпқа келу қиын болып тұр. Әрине, мұндай ауыр бәсекелер болашақта жәрдемдеседі, бірақ бір күн демалыс болғанның өзінде қалыпқа келу оңай емес. Матчтан кейін аяғымның ауырғанын сезіндім. Бұған төзуге тырысамын. Қазір ең бастысы – қалыпқа келу. Өзімді жақсырақ сезінемін деп үміттенемін», - деді Е.Рыбакина.
Рыбакина мен әлемнің 32-ракеткасы Азаренконың ойыны 28 наурызға белгіленген. Өзара кездесулерде есеп – 3:0, Елена алда тұр.
Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.


























