
Анна Данилина АҚШ-тағы жарыстың жартылай финалына өтті
Анна Данилина Чарльстон (АҚШ) челленджер турнирінің жартылай финалына өтті.
Жарыстың 3-ракеткалары болып тіркелген Данилина – қытайлық Чжан Шуай ширек финалда америкалықтар Далайна Хьюит – Мария Матеастың мысын басты.
Қазақстандық-қытайлық жұп тартысты матчта 6:1, 3:6, 10:7 есебімен басымдылық танытты.
Анна Данилина – Чжан Шуай финалға шығу үшін аустралиялық Оливия Гадеки – ұлыбританиялық Оливия Николлспен шеберлік байқасады.
Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.
12.01.2026
ҚТФ баспасөз қызметі
08.01.2026
ҚТФ баспасөз қызметі

























