Александр Бублик Дубай турнирінің финалында ұтылып қалды

02.03.2024    Оқылғаны: 452
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:

Қазақстанның бірінші, әлемнің 23-ракеткасы Александр Бублик Дубай ATP 500 турнирінің финалында ұтылып қалды.

Қазақстандық теннисші финалда әлемнің 18-ракеткасы, франциялық Уго Умбермен шеберлік байқасты.

Осыған дейін Бублик ATP жарыстарында 10 рет финалға шығып, соның төртеуінде жеңімпаз атанған еді.

Бұл жолы бірінші партияны Умбер брейкпен тәмамдады – 6:4. Ол екінші сетте 4:1 есебімен алға кетті. Ақыры үшінші матчболын құр жіберген жоқ – 6:3.

Бір сағат 25 минутқа созылған бәсеке барысында Бублик 8 эйс жасап, 2 брейк-пойнтты пайдалана алмады. 

ATP додаларында алты рет финалға шығып, бәрінде чемпион атанған франциялық теннисші алдағы дүйсенбіде әлемнің 14-ракеткасы атанбақ.

Александр соңғы бәсекеде жеңіліп қалғанына қарамастан, рейтингіде 19-орынға көтеріледі. Бұл оның рекордтық көрсеткіші болмақ.


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер