Александр Бублик Дубайда әлемнің 5-ракеткасын жеңіп, финалға шықты

01.03.2024    Оқылғаны: 531
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:

Қазақстанның бірінші, әлемнің 23-ракеткасы Александр Бублик Дубай ATP 500 турнирінің финалына жолдама алды. 

Қазақстандық теннисші жартылай финалда әлемнің 5-ракеткасы, ресейлік Андрей Рублевпен кездесті. Бірінші партияда ресейлік спортшы тай-брейкте басымдылық танытты - 7:6 (7:4).

Екіншісінде Бублик есе қайырды - 7:6 (7:5). Үшінші, шешуші сетте есеп Бубликтің пайдасына 6:5 болған мезетте Рублев қапталдағы төрешіні балағаттаны үшін жеңіс қазақстандыққа берілді.

Екі сағат жарымға созылған тартысты кездесуде Бублик 21 эйс жасап, 4 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды. 

Александр Бублик финалда әлемнің 4-ракеткасы, ресейлік Даниил Медведев немесе рейтингіде 18-орындағы франциялық Уго Умбердің біреуімен чемпиондық атақты сарапқа салады. 


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер