Қазақстандық жас теннисшілер халықаралық жарыстарда жеңімпаз атанды

26.02.2024    Оқылғаны: 180
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:

Қазақстандық жас теннисшілер халықаралық турнирлерде табысты өнер көрсетті.

Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, Каирда бірінші санаттағы J500 ITF Juniors жарысында Асылжан Арыстанбекова мен Соня Жиенбаева жұптық сында үздік шықты. Қазақстандықтар финалда доданың 2-ракеткалары, сербиялық Теодора Костович – чехиялық Люси Урбанованы қапы қалдырды – 6:1, 7:5.

теннис14 жасқа дейінгілер арасында да қазақстандықтар ерекше көзге түсті. Родион Трайгель Түркияда Tennis Europe Soul Cup турнирінің абсолютті чемпионы атанды. Ол жекелей сында соңғы бәсекеде грузиялық Зука Кашешвилиді ойсырата ұтты – 6:0, 6:1. Ал Аңсар Ниетқалиевпен бірге жұптық сында болгариялықтар Горгиев – Тзонковтан айласын асырды – 6:3, 7:5.

Темірлан Жантеміров Польшада ТЕ Kozerki Cup by HEAD додасында чемпион атанаса, ал жекелей сында тек финалда ғана фин Адам Напариге жол берді – 3:6, 1:6.

теннис

Әмір Омарханов пен Даниал Рахматуллаев Оңтүстік Америкадағы сапарын жалғастыруда. Қазақстандық теннисшілер ITF GSPDF Team құрамында турға шақырту алған болатын. Бұған дейін мұндай додаға Диас Досқараев, Ирина Силютина, Сандуғаш Кенжебаева қатысқан еді. Өткен аптада Асунсьонда J300 турнирінде Әмір жартылай, Даниал ширек финалға дейін жетті. Осы аптада Омарханов пен Рахматуллаев Порту-Алегриде (Бразилия) дәл осындай жарыста бақ сынайды.

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер