Недовесов Мексикадағы ATP 250 турнирінің финалында жеңіліп қалды

25.02.2024    Оқылғаны: 352
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші ракеткасы Александр Недовесов Лос-Кабос (Мексика) ATP 250 турнирінің финалында жеңіліс тапты.

Қазақстандық теннисші эквадорлық Гонсало Эскобармен бірге соңғы бәсекеде жарыстың 4-ракеткалары, аустралиялықтар Макс Перселл – Джордан Томпсонмен чемпиондық атақты сарапқа салды.

Бірінші партияда есеп 5:5 болған мезетте аустралиялық жұп брейк жасап кетті – 7:5.

Екінші сетте матч тағдыры тай-брейкте шешілді, бұл жолы да аустралиялықтардың асығы алшысынан түсті – 7:6 (7:2).

Бұл қазақстандық теннисшінің биылғы маусымдағы ATP додаларындағы алғашқы финалы болатын. 


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер