Александр Бублик Доха ATP 250 турнирінің ширек финалына өтті

22.02.2024    Оқылғаны: 120
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:

Александр Бублик Доха ATP 250 турнирінің ширек финалына шықты.

Жарыстың 4-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші екінші айналымда дүниежүзілік рейтингіде 80-орында тұрған Мажарстан өкілі Мартон Фучовичпен кездесті.

Бірінші партияда мажарстандық спортшы 6:2 есебімен басым түсті.

Есесіне содан кейін Бублик ұрымтал сәттерде шеберлігін көрсете білді - 6:3, 6:4.

Александр Бублик жартылай финалға шығу үшін әлемнің 46-ракеткасы, австралиялық Алексей Попыринмен кездеседі. 


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер