Тимофей Скатов: Адам әрдайым өзіне сене білуі керек

04.02.2024    Оқылғаны: 306
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:

Росарио қаласында Дэвис кубогі іріктеу кезеңі аясында өтіп жатқан Қазақстан – Аргентина матчында әлемнің 28-ракеткасы Томас Мартин Этчеверриді жеңген Тимофей Скатов өз ойымен бөлісті.

- Тимофей, ТОП-30-ға кіретін теннисшіні ұтудың сыры неде?

- Ең алымен бұған сене білуі керек. Рейтинг апта сайын өзгеріп тұрады. Мен рейтингіге қарамауға тырыстым. Кортқа шығып, командаға ұпай алып беруге барымды салдым. Ойынға бар зейінімді аударып, маған кедергі жасауға тырысқан жанкүйерлерге қарамадым. Қарсыласқа қысым жасап, соққыларды оң жаққа қарай бағыттадым, бұл өз жемісін берді.

- Теннистің қандай компоненттері есебінен ұтысқа қол жеткіздің?

- Күн өте ыстық болғандықтан доптың биіктеу секіретінін байқадым, сондықтан бұл оң жаққа қарай ойнауға мүмкіндік берді. Сол жақты да ұмытқан жоқпын. Ол да солай ойнауға тырысты. Бірақ менің соққыларым нәтижелі болды. Қолайлы сәт туғанда, торға жақындауға тырыстым.

- Біздің командамызды қолдау үшін Аргентинаның әр жерінен адамдар, сондай-ақ Чилиден әнші Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері келді. Олардың қолдауын естідің бе?

- Біздің жанкүйерлерге бойымыз үйренді, олармен ештеңені теңестіру мүмкін емес. Олар көптен командамыздың бір бөлігіне айналған. Соның өзінде мінбеден туымызды көтерген адамдарды көргенде, ерекше қуаттанасың, онсыз қиын болар еді.

BeeHome+ қосып, басты теннис турнирлерді тікелей эфирде көріңіз!


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер