Australian Open: Жасөспірімдер арасында Әмір Омарханов үшінші айналымға шықты
Аустралия ашық чемпионатында жасөспірімдер арасында қазақстандық Амир Омарханов үшінші айналымға шықты.
Бастапқы кездесуінде жарыстың 1-ракеткасы, италиялық Федерико Чинаны ұтып, сенсация жасаған 16 жастағы қазақстандық теннисші екінші айналымда ұлыбританиялық Виктор Фридрихпен шеберлік байқасты.
Бірінші партияда ұлыбританиялық 6:3 есебімен басымдық танытты.
Есесіне екінші сетте тай-брейкте Амир сәтті ойнады — 7:6 (8:6).
Шешуші, үшінші партияда Омарханов 5:3 есебімен алға шықты. Ақыры матчты тағы бір брейкпен түйіндеді — 6:3.
Тартысты матч 2 сағат 13 минутқа созылды.
Қарағанды теннис мектебінің түлегі ширек финалға шығу үшін доданың 14-ракеткасы, оңтүстіккореялық Хён Киммен кездеседі.
Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.
30.11.2024
ҚТФ баспасөз қызметі
25.11.2024
ҚТФ баспасөз қызметі
21.11.2024
ҚТФ баспасөз қызметі
18.11.2024
ҚТФ баспасөз қызметі