Бублик пен Недовесов Аустралиядағы турнирдің ширек финалына шықты
Қазақстанның бірінші, әлемнің 31-ракеткасы Александр Бублик Аделаиде (Аустралия) ATP 250 турнирінің ширек финалына шықты.
Доданың 8-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші екінші айналымда дүниежүзілік рейтингіде 40-орында тұрған ұлыбританиялық Дэниел Эванспен шеберлік таластырды.
Бірінші партияда Эванс ширақтық танытты – 6:4. Есесіне екінші сетте Бублик ойын тізгінін қолына алды – 6:2. Үшінші, шешуші партияда қарсыласын ойсырата ұтты – 6:1.
Екі сағатқа созылған бәсеке барысында Бублик 21 эйс жасап, 7 брейк-пойнттың бесеуін пайдаланды.
Александр Бублик жартылай финалға шығу үшін әлемнің 25-ракеткасы, италиялық Лоренцо Музеттимен кездеседі.
Недовесов эквадорлық Гонсало Эскобармен бірге екінші айналымда жарыстың 7-ракеткалары, ұлыбританиялық Ллойд Глaсспул – нидерландылық Жан-Жюльен Ройермен кортта кездесті. Қазақстандық-эквадорлық дуэт 6:4, 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.
13.01.2025
ҚТФ баспасөз қызметі