
Дмитрий Попко Түркиядағы турнирдің чемпионы болды
Қазақстандық, әлемнің 504-ракеткасы Анталия (Түркия) ITF турнирінің чемпионы атанды.
Қазақстандық теннисші финалда дүниежүзілік рейтингте 728-орында тұрған өзбекстандық Сергей Фоминмен чемпиондық атақты сарапқа салды.
Дмитрий Попко тартысты матчта 6:4, 3:6, 6:2 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша, Анталия жарысы қазақстандық теннисші үшін сәтті аяқталды.
Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.























