Қазақстандық жас теннисшілер Түркиядағы турнирде жеңімпаз атанды
Түркияның Ыстанбұл қаласында 14 жасқа дейінгілер арасында үшінші санаттағы Tennis Europe турнирі мәресіне жетті.
Аталмыш жарыста қазақстандық жас теннисшілер табысты өнер көрсетті.
Жекелей сында Роберт Каминский финалға дейін жетіп, бас жүлде үшін бәсекеде ресейлік Никита Бердинге жол берді – 1:6, 2:6.
Жұптық сында финалда қазақстандықтар Александр Софрыгин – Егор Сорокин және Аңсар Ниетқалиев – Жантөре Санжарұлы өзара кездесті. Үш сағатқа созылған тартысты матчта Александр мен Егор жеңіске жетіп, чемпион атанды – 1:6, 6:3, 10:8.
Қыздар арасында қазақстандық Руслана Русланова ресейлік Виктория Хастцаевамен бірге соңғы бәсекеде ресейліктерТатьяна Головина – Мария Масляковаға есе жіберді – 6:2, 5:7, 6:10.
Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.
30.11.2024
ҚТФ баспасөз қызметі
25.11.2024
ҚТФ баспасөз қызметі
21.11.2024
ҚТФ баспасөз қызметі
18.11.2024
ҚТФ баспасөз қызметі