Денис Евсеев Португалиядағы турнирді жеңіспен бастады

30.11.2023    Оқылғаны: 277
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Қазақстандық, әлемнің 197-ракеткасы Денис Евсеев Майя (Португалия) челленджер турнирін жеңіспен бастады.

Қазақстандық теннисші бастапқы кездесуін әлемдік рейтингте 403-орында тұрған грекиялық Стефанос Сакелларидиспен сәтті өткізді. Бір сағат 37 минутқа созылған матчта Денис Евсеев 6:2, 7:6 (7:5) есебімен жеңіске жетті. Қазақстандық теннисші ширек финалға шығу үшін әлемнің 159-ракеткасы, швециялық Элиас Имермен кездеседі.

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер