Теннистен әлем чемпионатының іріктеу сатысында Қазақстан Жапониямен ойнайды

27.11.2023    Оқылғаны: 815
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:

Теннистен Билли Джин Кинг кубогі іріктеу кезеңінің жеребесі тартылды.

Қазақстандық әйелдер құрамасы командалық әлем чемпионатының іріктеу сатысында Жапониямен ойнайды.

Матч алдағы жылы 12-13 сәуір күндері Жапонияда өтеді. Жеңген команда финалдық кезеңге жолдама алады. Іріктеу матчы төрт жекелей және бір жұптық кездесуден тұрады.

Биыл Қазақстан әйелдер құрамасы Билли Джин Кинг кубогінің финалдық кезеңінде өз тарихында екінші рет бақ сынаған еді.


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер