Александр Недовесов Болгариядағы турнирде топ жарды

11.11.2023    Оқылғаны: 530
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:

Қазақстандық теннисші Александр Недовесов Болгария астанасы Софияда өткен турнирдің финалында жеңіске жетті. 

Эквадорлық теннисші Гонсало Эскобар мен қазақстандық Александр Недовесов жұбы ұлыбритандық және хорватиялық теннисшілер  Джулиан Кэш пен Никола Мектич дуэтіне қарсы ойнады. 1 сағат 28 минутқа созылған тартысты бәсекеде 6:3, 3:6, 13:11 есебімен Александр мен Гонсало жеңіске жетті.

36 жастағы Недовесов қазіргі уақытта АТР (кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы) әлемдік рейтингінде 48-орында тұр. Бұл қазақстандық теннисшілер арасында үздік нәтиже саналады.


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер