
Париж мастерс турнирі: Бублик әлемнің 14-ракеткасын жеңді
Қазақстанның бірінші, әлемнің 33-ракеткасы Александр Бублик Париж мастерс турнирінің екінші айналымына шықты.
Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда әлемнің 14-ракеткасы, америкалық Фрэнсис Тиафомен шеберлік байқасты.
Бублик бір сағаттан астам уақытқа созылған матчта 6:3, 6:4 есебімен жеңіске жетті. Ол осы уақыт ішінде 11 эйс жасап, 4 брейк-пойнттың тең жартысын мүлт жіберген жоқ.
Александр Бублик 1/8 финалға шығу үшін әлемнің 20-ракеткасы, Чили өкілі Николас Харримен кездеседі.
Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.
20.06.2025
ҚТФ баспасөз қызметі
20.06.2025
ҚТФ баспасөз қызметі
19.06.2025
ҚТФ баспасөз қызметі
19.06.2025
ҚТФ баспасөз қызметі
18.06.2025
ҚТФ баспасөз қызметі