Александр Бублик Бельгиядағы турнирдің ширек финалына өтті

19.10.2023    Оқылғаны: 615
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Қазақстанның бірінші, әлемнің 36-ракеткасы Александр Бублик Антверпен (Белгия) ATP 250 турнирінің ширек финалына өтті.

Жарыстың 3-ракеткасы болып тіркеліп, екінші айналымнан бастаған қазақстандық теннисші беташар кездесуін дүниежүзілік рейтингіде 72-орында тұрған франциялық Грегуар Баррермен өткізді.

1 сағат 7 минутқа созылған матчта қарсыласынан 6:4, 6:2 есебімен Александр басым түсті. Бәсеке барысында Бублик 11 эйс жасап, 3 брейк-пойнтты түгел пайдаланды.

Александр Бублик жартылай финалға шығу үшін рейтингіде 226-сатыдағы тағы бір франциялық, 20 жастағы Джованни Мпетчи Перрикармен кездеседі.

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер