
Полина Слепцова халықаралық турнирдің абсолютті чемпионы атанды
Қазақстандық теннисші Полина Слепцова Шымкентте өтіп жатқан 18 жасқа дейінгілер арасындағы ITF Juniors J100 турнирінің абсолютті чемпионы атанды.
Алматы теннис мектебінің түлегі Слепцова жекелей сында финалда отандасы Әдемі Аманкелдіні 6:2, 6:4 есебімен тізе бүктірді.
Жарыс барысында Полина қарсыластарына бірде-бір сет берген жоқ.
Жұптық сында ол Аманкелдімен бірге Анастасия Крымкова - Сәтима Төрегеннен басым түсті, есеп – 4:6, 6:4, 10:7.
Бір апта бұрын Полина Ташкентте дәл осындай жарыста жеңімпаз атанған еді. Соның нәтижесінде жасөспірімдер арасында әлемдік рейтингіде бірден 131 сатыны артқа тастап, 348-орынға көтерілген болатын. Енді алдағы аптада бұл көрсеткішін одан сайын жақсарта түседі.
Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.
12.03.2025
ҚТФ баспасөз қызметі