
Юлия Путинцева Қытайдағы жарыстың жартылай финалына шықты
Қазақстанның екінші, әлемнің 81-ракеткасы Юлия Путинцева Гуанчжоу (Қытай) WTA 250 турнирінің жартылай финалына шықты.
Қазақстандық теннисші ширек финалда әлемнің 48-інші, осы жарыстың 3-ракеткасы, германиялық Татьяна Мариямен шеберлік таластырды.Бірінші партияда қазақстандық теннисші 6:4 есебімен басым түсті. Екіншісінде Мария 5:3 есебімен алда тұрып, сетке доп бергенде, сол мүмкіндігін пайдалана алмады. Дегенмен ол тай-брейкті өз есебіне жазды – 7:6 (8:6). Үшінші, шешуші сетте Путинцева бет қаратпады – 6:0.
Юлия Путинцева финалға шығу үшін әлемнің 27-інші, доданың 1-ракеткасы, Польша өкілі Магда Линеттпен кездеседі
Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.
16.06.2025
ҚТФ баспасөз қызметі
08.06.2025
ҚТФ баспасөз қызметі
05.06.2025
ҚТФ баспасөз қызметі