
Юлия Путинцева Қытайдағы турнирдің ширек финалына жолдама алды
Қазақстанның екінші, әлемнің 81-ракеткасы Юлия Путинцева Гуанжчоу (Қытай) WTA 250 турнирінің ширек финалына шықты.
Қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің 76-ракеткасы, даниялық Клара Таусонмен ойнады.
Бірінші партияны даниялық спортшы өз пайдасына аяқтады – 6:3. Екіншісінде тай-брейкте Юлия есе қайырды – 7:6 (7:5). Осыдан кейін Таусон жарақатына байланысты кездесуді жалғастырудан бас тартты. Екі сағатқа жуық уақытқа созылған бәсеке барысында К.Таусон 5 эйс жасап, 13 брейк-пойнттың біреуін ғана пайдаланды.
Юлия Путинцева жартылай финалға шығу үшін әлемнің 48-інші, жарыстың 3-ракеткасы, германиялық Татьяна Мариямен таласады. Ол екінші айналымда рейтингте 129-сатыдағы қытайлық Чжу Сян Байдың меселін қайырды – 6:1, 6:2.
Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.
16.06.2025
ҚТФ баспасөз қызметі
08.06.2025
ҚТФ баспасөз қызметі
05.06.2025
ҚТФ баспасөз қызметі