Дэвис кубогі: Қазақстан Болгарияны ұтып, келесі кезеңге шықты

17.09.2023    Оқылғаны: 603
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:

София қаласында өтіп жатқан Дэвис кубогінің плей-офф матчында Қазақстан құрамасы Болгарияны ұтты.

Қазақстанның бірінші, әлемнің 29-ракеткасы Александр Бублик жекелей сында рейтингте 179-орындағы Димитар Кузмановпен шеберлік байқасты.

Қазақстандық теннисші қарсыласын 6:4, 7:6 (7:4) есебімен тізе бүктірді.

Бір сағат 41 минутқа созылған кездесуде Бублик 7 эйс жасап, 4 брейк-пойнтты түгел пайдаланды. Кузманов 1 эйс, 3 брейкпен (15 брейк-пойнт) көзге түсті.

Осылайша, Александр Бублик есепті 3:1-ге жеткізді. Қалған бір бәсеке ойналса да, ештеңені шешпейді.

Қазақстан құрамасы алдағы жылдың ақпанында Дэвис кубогінің финалдық кезеңіне шығу үшін шешуші матч өткізеді.


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер