Дэвис кубогі: Қазақстан – Болгария матчының жеребесі тартылды

15.09.2023    Оқылғаны: 794
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:

Дэвис кубогінің плей-офф кезеңінде 16-17 қыркүйекте өтетін Болгария – Қазақстан матчының жеребесі тартылды.

Бәсекенің бірінші күні 16 қыркүйекте Астана уақытымен сағат 15.00-де кортқа еліміздің екінші, әлемнің 123-ракеткасы Тимофей Скатов алғашқы болып кортқа шығады.

Скатов рейтингте 179-орында тұрған Димитар Кузмановпен сынға түседі.

Жиырма минуттан кейін Қазақстанның бірінші, әлемнің 29-ракеткасы Александр Бубликке кезек келеді. Ол рейтингте 569-сатыдағы Янаки Милевтің шамасын байқап көреді.

Жексенбі күні, 17 қыркүйекке үш кездесу жоспарланған. Алдымен Александр Недовесов пен Андрей Голубев Александр – Донски – Александр Лазаровпен шеберлік байқасады. Содан кейін Бублик Кузмановпен, Скатов Милевпен кездеседі.

Жеңімпаз команда алдағы жылдың ақпанында Дэвис кубогінің финалдық кезеңіне шығу үшін тағы бір қарсыласымен матч өткізеді.

Қазақстан ерлер құрамасының демеушілері - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» акционерлік қоғамы және Sport Qory спортты қолдау қоры


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер